Жамбыл облысының Шу қаласы карантинге жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Шу қаласы карантинге жабылатындығы туралы жалған ақпарат тарады. Осыған байланысты қала әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдеді.
«Құрметті қала тұрғындары, карантинге байланысты негізсіз ақпараттарға сенбеулеріңізді және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.