28 наурызда Қазақстанның 44 азаматы (көпшілігі студенттер мен бірнеше бала) «Belavia» әуекомпаниясының рейсімен Барселона әуежайынан Минск арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшып кетті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрліктің хабарлауынша, бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттардың көмегімен 150-ден астам қазақстандық Испаниядан түрлі рейстермен ұшып келген. Испанияға емделуге келген және кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына ерекше көңіл бөлінбек.