Елордада "Мейірім" медициналық орталығы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінде орналасқан ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы карантинге жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
" Вирус жұқтырғандармен байланыста болған тұлғалар карантинге жіберілді, оның ішінде, медицина қызметкерлері де бар. Дезинфекция жүргізіліп жатыр. Емделушілерге баруға қатаң тыйым салынады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық штаб барлық әуежолаушыларды тексеру туралы шешім қабылдады. Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 22 наурыздан бастап 20-дан астам рейсті қабылдады. Бұл шамамен 1750 адам. 1,5 мың адам сараптама нәтижесін алды. Үш әуежолаушының сараптама нәтижесі оң болып отыр. Барлық жолаушыларды тексеру инфекцияны жұқтырған адамдардың қалаға шығуына жол бермеуге және оларға уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
Қазақстанда соңғы деректер бойынша коронавирустан сауығып кеткендердің саны -18 адам, оның 13-і - Нұр-Сұлтан қаласында.