$ 498.34  519.72  4.85

«Олар соған лайықты»: Тоқаев Үкіметтің ертең жақсы жаңалық жариялайтынын жеткізді

Үкімет есептеулерді жүргізуде.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді жақсы жаңалықпен қуантпақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент қазіргідей төтенше жағдай кезінде аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдау керектігін айтты.

"Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

 Енді, қабылғандан шешім ертең 30  наурызда жарияланатын болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары