Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, Алматы қаласында - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, деп хабарлайды Сoronavirus2020.kz.
"Сағат 11:30-дағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 251 науқас тіркелді", - делінген ресми дереккөзінде.
Сондай-ақ, 28 наурызда Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы расталды. Қазіргі кезде өңірде алты адам ауруға шалдыққан.
"КВИ 1953 жылғы ер адамнан анықталды. Қосшы ауылында тұратын ол, бұған дейін ауру адаммен тығыз байланыста болғандықтан, «Көкше» облыстық оңалту орталығының карантиндік стационарында жатқан. Емдеу шаралары науқастардың ауру белгілері және жалпы жағдайы ескеріліп, тиісті хаттамаға сәйкес жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Мұнан бөлек, Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы жағдайы тіркелді. «Алматы-Атырау» рейсінің жолаушысынан алынған тест оң нәтиже көрсетті.
"29 наурызда Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы оқиғасы расталды. Атырауда індетке шалдыққан науқас 17 наурызда Алматыдан ұшып келген 20 жастағы студент болып шықты. Ер адам оқшауланып, аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың бес оқиғасы туралы хабарланған. Ауруға шалдыққан адамдардың барлығы қазіргі кезде ем алып жатыр", - делінген Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.