$ 449.3  489.69  4.89

Қызылордалық тұрғындар «әлеуметтік дүкендерде солып қалған көкөністер сатылады» деп шағымданған

Құзырлы органдарға ескерту жасап жатырмыз.

Қызылорда қаласындағы әлеуметтік дүкендерде солып қалған көкөніс өнімдері сатылады. Тұрғындар тарапынан өңірдегі антикор орталығына осындай арыз-шағым түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Тұтынушылардың талап-тілегіне байланысты арнайы мониторингтік топ тиімді бағада азық-түлік ұсынылатын орындарды шолып шықты. Ең алдымен ұн, май, сүт, картоп, сәбіз, пияз секілді қажетті агротауарлардың бағасына аса мəн берілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы жіті тексеріліп, сатушылармен қатар тұтынушылардың пікірі тыңдалды. Шіріген картоп-сәбіз табылмады. Облыс орталығындағы 26 әлеуметтік дүкенде бұған дейін күніне 4 тоннадай көкөніс сатылса, қазір әрқайсысы 15 қап өткізіп жатыр. Яғни, сұраныс артып отыр. Осыған орай, қалада «Алтын қамба» қоры іске қосылып, халық тығыз орналасқан аумақтарда әлеуметтік дүкендер желісін көбейту жоспарланып отыр. Жол-жөнекей жұмысшы топ өкілдері дәріханаларға да бас сұғып, дәрі-дәрмек пен санитарлық бұйымдар қорымен де танысты. 

"Тасбөгет кентіндегі қоқысты көріп жатырмыз. Одан бөлек, Тасбөгет кентіндегі дәріханаға кірдік, медициналық маскалар жоқ. Дегенмен, бірреттік қолдануға киетін маскалар бар. Құзырлы органдарға ескерту жасап жатырмыз. Бүгінгі таңда құзырлы мекемелер бізбен бірге шығып, кемшіліктерді жою бағытында үлкен жұмыстар жасалып жатыр", - арнайы мониторингтік топ жетекшісі Ләззат Бақтыбаева.

Ал қала әкімінің орынбасараы Бектас Нұридинов болса, "Баға басқа базарлармен салыстырғанда 15-20% төмен сатылып жатыр. Халық ризашылығын білдіріп жатыр. Жалпы қазіргі таңда тұрақтандыру қорында тиісті қаражат, тиісті өнімдер қоймаларда жеткілікті. Сондықтан осы бағаны ұстап тұруға мүмкіндік бар", - деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары