$ 484.11  528.79  5.03

Рейстерді шектеуге қарамастан, 435 мың отандасымыз жылы жақтарға қыдырып кеткен

«Демалыстарға сұраныстың төмендеуіне байланысты, олардың бағасы да тез құлдырады. Сонымен, жағдайды пайдаланып қалған азаматтардың көпшілігі ұшуды бастады», - дейді СІМ ресми өкілі.
фото: pinterest.dk
фото: pinterest.dk

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде қиын жағдайға тап болған азаматтарымыз туралы айтты. Оның сөзінше, 27 ақпаннан 16 наурызға дейін елден 435 мың қазақстандық кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың дені жылы елдерге демалысқа барған. Мысалы, Мысырға – 5616, БАӘ-ге – 6778, Түркияға – 8327, Таиландқа – 1342 және Мальдивке 487 адам ұшып кетіпті. Сондай-ақ, СІМ тізімінде Мексика, Доминикан, Буркина-Фасо, Бразилия сынды экзотикалық елдер де бар.

«Сол кезде ұлттық әуекомпаниялар көптеген елдерге рейстерді белсенді түрде қысқартуды бастады. Алайда, ол шешім біздің азаматтарды тоқтата алмады. Демалыстарға сұраныстың төмендеуіне байланысты, олардың бағасы да тез құлдырады. Сонымен, жағдайды пайдаланып қалған азаматтардың көпшілігі ұшуды бастады.

Көрші елдердің тасымалдаушылары әлі де ұшуды жалғастыруда еді. Сондықтан Ресей арқылы – 174 388, Қырғызстан арқылы – 118 199, Өзбекстан арқылы 109 125 жолаушы Еуропа елдеріне жөнелтілді», - дейді Айбек Смадияров.

Кейін сол «қыдырымпаздардың» біразы елге оралса, қалғандары әлі де Еуропа мен АҚШ-та жүр. Олардың кейбіреуі шекараның жабылуына байланысты орала алмай жатса, көпшілігі өз еріктерімен қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары