$ 494.87  520.65  4.91

«Columbia Pictures» ұсынады: 28 жыл бойы кинокомпанияның «бет-бейнесі» болып тұрған қыз кім? (ФОТО)

Бір қызығы, оның ең алғашқы және соңғы фотомодель болып түскен суреті осы ғана.
фото: pikabu.ru
фото: pikabu.ru

Барлық американдық кино басталар алдында дәл осы қолын жоғары көтерген қыз шығады. Ол кім және не мағына береді?

Компанияның негізі 1919 жылы қаланған. Сол уақыттан бастап суреті тез-тез өзгертіліп отырған. 1924 жылы CBC Film Sales Corparathion-ның тым ұзақ, есте оңай сақталмайтынын білген басшысы оны өзгертуге бел буады. Ол «АҚШ-ты таныстыратын қызды» Колумбия деген жай ғана атау етіп өзгертеді. Осылайша, сөзсіз Колумбия атты сұлудың суреті болуы керектігін түсінеді.

Алғашында ол ежелгі грек сұлулық құдайының қолына факел ұстап тұрған әйел мүсіні болады. Негізгі әйел мүсіні сол күйі қалып, 40 жыл өзгертусіз тұрған суретке енді заманауи өң беруге тура келеді.

1992 жылы Майкл Дж.Диас есімді суретшіге эмблема негізін сақтай отырып, оны цифрлық жүйеге өткізу туралы тапсырма беріледі. Ол өзінің қасындағы әріптесі Дженни Джозефке суретке түсуін өтінеді. Түскі үзіліс кезінде Дженни арнайы суретке түседі. Бір қызығы, оның ең алғашқы және соңғы фотомодель болып түскен суреті осы ғана.

Осылайша, керемет туынды пайда болады. Күні бүгінге дейін кино басталар алдында Дженнидің факел ұстап, гректің әйел құдайы сияқты көрінген суреті жылт етіп көрінеді. Тіпті, Columbia компаниясының киноактрисаларынан да жиі көрінетін де осы Дженни.

Кинокомпанияның эмблемасына суретке түскен Дженни Американың ең атақты әйелі болып шыға келді. Ол 28 жылдан бері кинокомпанияны таныстырушы ретінде есімін тарихта мәңгі қалдырды.

Алайда, Дженни Джозеф өмірде ағылшын ақыны болған. Ол 2018 жылы 85 жасында өмірден өткен.

Дереккөз: newsroom.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары