$ 484.11  528.79  5.03

Атырау мен Қарағанды облыстары карантинге жабылды

Ресей Қазақстанмен арадағы шекарасын жапқан соң, Атырау – Астрахан рейсі де жүрмейтін болды.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Бүгіннен бастап Атырау да карантинге жабылды. Аталған жағдайға байланысты осы облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаевтың қаулысы шықты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Оған қоса, Қарағанды облысының 5 шаһары карантин режиміне көшті. Атап айтқанда, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск және облыс орталығында 30 наурыздан бастап, адамдар мен көлік қозғалыстары шектеледі. Бұған дейін ел астанасы мен Алматы шаһары карантинге жабылғанын айта кетейік. Бұл екі қалада 19 наурыздан бері жүріс-тұрыс шектелген. Ал 22 наурыз күні түнде аталған екі шаһарға кіріп-шығу мүлдем тоқтатылды. 

Атыраудағы автобекет те жұмысын шектеді. Ауданаралық, қалааралық және халықаралық бағыттағы күнделікті 14 рейс толық тоқтатылды. Ресей Қазақстанмен арадағы шекарасын жапқан соң, Атырау – Астрахан рейсі де жүрмейтін болды. Автобекет директоры Вадим Синкевичтің айтуынша, әр автобусқа орта есеппен 50 адам сыяды. Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты көлікке отыратын жолаушылар саны азайтылды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары