$ 498.34  519.72  4.85

«Олар мәрттіктерін ұялмай көрсетіп жатыр»: Қазақстан коронавируспен қалай күресуде?

«Сәби» қорының мәлімдемесіне сенсек, бұл қаржы коронавирусты анықтайтын сынамалар мен жасанды жолмен демалатын аппараттарды сатып алуға жұмсалады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ағылшын тілінде шығатын Eurasianet.org сайтында жарық көрген «Орталық Азияның байлары коронавируспен күресті бастады» деп аталған мақалада қорға ақша салып жатқандардың көбі лауазымды шенеуніктермен байланысы бар адамдар екенін атап өткен. Сайт «олар мәрттіктерін ұялмай көрсетіп жатыр» деп жазады.

Биліктің біраз тетігін әлі де қолында ұстап отырған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 20 наурызда «қиын-қыстау кезде елге көмек көрсетейік, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес қорына ақша салайық» деп, жалпы жұртқа үндеу тастаған.

Сайттың жазуынша, жұрт ұсынысты бірден іліп әкеткен. Сол күні Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, елдің Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қызы Әсел Тасмағамбетова құрған «Сәби» қайырымдылық қоры миллион долларға жуық қаржы аударды. Лондонда орналасқан коммуникация компаниясы «халықаралық БАҚ-тарға қайырылып», Қазақстандағы коронавируспен күрестегі «жеке қордың ең ірі көмегіне» ризашылық білдірген. «Сәби» қорының мәлімдемесіне сенсек, бұл қаржы коронавирусты анықтайтын сынамалар мен жасанды жолмен демалатын аппараттарды сатып алуға жұмсалады.

22 наурызда Назарбаевтың қызы – Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы «Халық банкімен» байланысы бар қор коронавируспен күреске 10 миллион долларға жуық қаржы бөлетінін мәлімдеді. Құлыбаевтар Forbes журналы жасаған миллиардерлер тізімінде бар, журнал былтыр олардың ортақ дүние-мүлкінің құны 6,4 миллиард доллар деген тұжырым жасаған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Назарбаевтың жақын үзеңгілесі әрі туысы Ахметжан Есімовтің күйеубаласы, «АТФ банк» иесі Ғалымжан Есенов қорға 2 миллион доллар салған.

Тағы оқи отырыңыз: Елбасы үндеуін қоштай жөнелген қалталылар коронавируспен күреске 41 млн доллар бөлді

«Қазақстандағы жемқорлық деңгейінің жоғары екенін ескерсек, ел азаматтарының көбі бұл ақша әйтеуір халыққа қайтып оралды деп санайтын шығар» дейді Eurasianet.org.

Дереккөз: Азаттық радиосы 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары