$ 495.2  522.34  4.94

Елбасы үндеуін қоштай жөнелген қалталылар коронавируспен күреске 41 млн доллар бөлді

Қорға Тимур Құлыбаев – 10 млн доллар, Айдын Рахымбаев – 2 миллион доллар, Кеңес Рақышев – 1 миллион доллар бөлген.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Күні кеше Елбасы отандық кәсіпкерлерді коронавируспен күресте мемлекетке қолдау көрсетуге шақырған болатын. Осы орайда, көптеген отандық бизнес-қауымдастықтың өкілдері Қазақстанның Тұңғыш Президентінің үндеуін қоштай жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайлы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды. 

"Елбасының бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қорына еліміздің әр өңірінен қайырымдылық  көмек ретінде қаржы аударылуда.
 Қайырымдылық қорына меценаттар мен бизнесмендер тарапынан қаражат түсті. Тимур Құлыбаев – 10 млн доллар, Айдын Рахымбаев – 2 миллион доллар, Кеңес Рақышев – 1 миллион доллар, Ғалымжан Есенов – 2 миллион доллар, Рашид Сәрсенов – 2 миллион доллар, Александр Клебанов  – 2 миллион доллар, Александр Белович – 2 миллион доллар  берген.

Тағы да оқи отырыңыз:  «Үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз»: Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдады

Қазіргі кезде Қорға түскен қаржы көлемі  – 41 млн доллар", - деп  Айдос Үкібай әлеуметтік желіде арнайы жазба қалдырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары