Елордадағы жедел штаб тұрғындарға дүкенге, жұмысқа және дәріханаға 10.00- 20.00 аралығында баруға рұқсат берді, деп жазады Sputniknews.kz.
30 наурыз - 6 сәуір аралығында қалада дезинфекция жүргізіледі. Көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар 20.00-6.00 аралығында залалсыздандырылады. Бұл уақытта үйден шықпау керек екені ескертілді.
"Бұл шаралардың тиімді болуы үшін төтенше жағдай режимінде кешкі сегізден кейін үйден шықпауға кеңес береміз", - деді әкімдікте.
Айта кетсек, бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермеу үшін уақыт бойынша шектеу енгізілген болатын. Ол 30 наурыз - 5 сәуір аралығында сақталады. Бұл аралықта астана мен Алматыда жұмыс аптасы болмайтыны жарияланды.