$ 494.87  520.65  4.91

СҚО-да алдағы су тасқынына дайындық тексерілді

Осындай маңызды мәселелер ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органының, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің тұрақты бақылауында. Олар жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен, Төтенше жағдайлар бөлімдері мен өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарымен сұхбат барысында басты тақырып болды.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы жедел жағдай, алдағы су тасқынына дайындық барысы тексерілді. Аталған тексеру жұмыстары облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камаловтың жұмыс сапары барысында танысты, - деп хабарлайды Sn.kz.

«Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы аймағындағы қыс мезгілі ең қатты болатын аумақтың қатарынан екенін белсіздер. Сондықтан бізде қыс қалай қатты болса, көктем мезгілінде төтенше жағдайлардың орын алу қаупі соншалықты жоғары екені тағы рас. Сол себепті Солтүстік Қазақстан облысы, оған қарасты қалалар мен аудандардағы төтенше жағдайларды жіті бақылап, назардан тыс қалдырмауымыз керек», - деді Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов.

Осындай маңызды мәселелер ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органының, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің тұрақты бақылауында. Олар жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен, Төтенше жағдайлар бөлімдері мен өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарымен сұхбат барысында басты тақырып болды.

Рамиль Камалов сапар барысында Тахтаброд, Ялта, Чистополье, Рузаевка, Старобелка, Бірлік, Новоишимское елді мекендерін еріген су басудан қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысты. Жер үйінділерінің, су өткізетін арналар мен құбырлардың, қар жинайтын іс-шаралардың, инертті материалдар қорының жай-күйі тексерілді.

«Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті арнайы жұмыстар атқарып отыр. Өздеріңіз менімен бірге куә болған Тахтаброд, Ялта, Чистополье, Рузаевка, Старобелка, Бірлік, Новоишимское елді мекендерін еріген су басудан қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын көрдік. Ол үшін қанша күш, қанша тезника керек екенін жақсы түсінесіздер. Оны түсініп қана қоймай, тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге арналған ауыр инженерлік техника тексерілді, эвакуациялық пункттердің дайындығы күшті болуы керек», - деді Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов.

Сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге арналған ауыр инженерлік техника тексерілді, эвакуациялық пункттердің дайындығы, Ақанбұрлық, Шарық және Жембарақ шағын өзендерінің арналарын тазарту бойынша жүргізілген жұмыстардың тиімділігі тексерілді.

Новоишимское селосында жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің, мүдделі ұйымдардың қатысуымен ауданның су тасқынын өткізуге дайындығы мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Департамент бастығы Төтенше жағдайлар және елді мекендерді су басуын жібермеу, тек алдын ала қабылданған іс-шаралар халықты тиімді қорғауға қабілетті екеніне назар аударды.

«Таяудағы кезеңдегі және келешектегі негізгі міндет– ауылдардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, адамдарды апат салдарынан қорғау», - деді жұмыс сапары аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық органының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағына іссапармен барып, жедел жағдай, алдағы су тасқынына дайындық сияқты мәселелерді тексерді. Сапар барысында Солтүстік қазақстан Облысы Төтенше Жағдайлар департаментінің бастығы Тахтаброд, Ялта, Чистополье, Рузаевка, Старобелка, Бірлік, Новоишимское елді мекендерін еріген су басудан қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Ақанбұрлық, Шарық және Жембарақ шағын өзендерінің арналарын тазарту бойынша жүргізілген жұмыстарды тексерген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары