Қазіргі уақытта елді мекендерден қарды шығару, сондай-ақ облыс жолдарындағы су өткізу құрылыстарын тазалау негізгі міндеттердің бірі борлып отыр. Осы орайда Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Sn.kz.
Биыл Қарағанды облысында күн райы төмен минус күндіз 5 градус, түнде 10-12 градусқа барады. Қар қаңтар айының басынан бері ең жоғары биіктік 6,5 сантиметрді құраған. Ал қалың жауған қар көктем мезгіліне жететіні белгілі. Қарағанды қаласы бойынша күнделікті қала көшелерін тазалауға 130-дан астам техника жұмылдырылуда.
«10 наурыздағы жағдай бойынша су өткізу құрылыстарының 40% тазаланды. Бұл жұмысты 20 наурызға дейін аяқтау жоспарлануда. Облыстың негізгі су қоймаларынан санитарлық су ағызу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін олардың көлемі ең төменгі деңгейге дейін жеткізіледі», - Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметкерлері азаматтық қорғау органдарымен бірлесе отырып, су тасқыны құбылыстарына ұшыраған аумақтарда тұратын 14000 адамды қамти отырып, халықпен 150-ден астам жиын өткізіп, су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер бойынша халыққа 12700 жадынама таратылды.
Сонымен қатар, 100-ден аса жұмыскер де күні-түні тынымсыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыс бойынша шығарылған қар көлемі 1,8 млн .м3. болған екен. Ал 5-ші наурыздан бастап Қарқаралы ауданындағы Жарлы өзенінің арнасында, сондай-ақ Қарасу көлінде темір жолдан су өту учаскелері аумағында мұз жару жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл жұмыстарды облыстың басқа аудандарында шамамен 20 учаскеде жүргізу жоспарланса, 15 наурыздан бастап барлық деңгейдегі су тасқынына қарсы штабтардың жұмысын тәулік бойы ұйымдастыру жоспарланған.
«Материалдық ресурстар қоры құрылды, қажетті материалдық-техникалық құралдар дайындалды (ЖЖМ, азық-түлік, инертті материал, қап, т.б.). Су тасқыны кезеңіне дейін су тасқыны қаупі ықтимал елді мекендердің тұрғындарымен жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Айта кетейік, су тасқыны қаупі бар аймақтардағы хабарлау жүйесі тұрақты дайындықта болады. Қарағанды облысының 130 елді мекенінде хабарлау жүйесі орнатылған.
«Су басуы мүмкін өңірлерде тұрғындарды эвакуациялауға арналған аудандарда 231 қабылдау пункттері дайындалды, эвакуацияланатын халықты эвакуациялау маршруттары жаңартылып отырады Эвакуацияланған халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар дайындалды (шатырлар, төсек). Азық-түлік және ауыз су қоры құрылды, жеке кәсіпкерлермен тамақ өнімдерін жеткізуге ниет-шарттар жасалды және адамдар мен малдарды эвакуациялау орындарына тасымалдауға арналған техника бекітілді», - деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқынына дайындық мақсатында облыс әкімінің өкімімен 2020 жылы Қарағанды облысының халқы, аумағы мен шаруашылық жүргізуші субъектілерін тасқын сулардан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспар барлық қажетті шараларды қамтиды және қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар, іс-шараларды орындаушылар болып табылатын мекемелер мен ұйымдары жүзеге асыруда.
Бұған дейін Облыс әкімі Ж.Қасымбек, Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Күлшімбаевпен бірге облыс орталығын, сондай-ақ Теміртау және Бұқар жырау аймақтарында алдын ала тексеріс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса облыс әкімінің орынбасары Е.Бөлекпаевпен бірлесе Шет, Абай және Осакаров аудандары тексерілді. Жалпы аймақ басшылығы су тасқыны қаупі бар, барлық аудандарды алдын ала тексеруді жоспарлап отыр.
Қарағанды облысында «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасы және облыстық инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылуда. Сондай-ақ, Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арналарын тазарту бойынша іс-шаралар табиғи ресурстар басқармасы биылғы жылдың жазғы - күзгі кезеңіне жоспарланған.