Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен төтенше жағдай салдарынан коммуналдық қызмет түрлеріне ақы төлей алмайтын тұтынушылар төлемақыларын жыл соңына дейін төлеуге болады. Ал карантин кезінде қаржылық жағдайға тап болған тұтынушылар телефон арқылы немесе компанияның электронды поштасына жазбаша түрде өтініш қалдыруларына болады, - деп хабарлайды Sn.kz.
Осы орайда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС директорының орынбасары Ольга Антонова Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың азаматтардың электр энергиясын тұтынғаны үшін төлемді кейінге қалдыру туралы бастамасын жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.
«Біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті «АлматыЭнергоСбыт» қоғамға деп шешімдер мен іс-әрекеттердің қоғамға әсері тұрғысындағы жауапкершілік ретінде қарастырып жатырмыз», - деді Ольга Антонова.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бастамасымен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС басшылығы бірқатар шешімдер қабылдаған. Мысалы, карантин кезеңінде электр энергиясын қарызға байланысты тоқтатуға өтініш берілмейді. Ал карантинге байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болған адамдар наурыз бен сәуір айларында тұтынған электр энергиясына төлем жасау үшін жыл соңына дейін кейінге қалдырылады.
«Биыл 22 наурызынан бастап, карантин кезінде қиын қаржылық жағдайға тап болған адамдар наурыз және сәуір айлары үшін төлемді жыл соңына дейін шегере алады. Наурыз және сәуір айларында тұтынған электр энергиясы үшін төлемді жыл соңына дейін бөліп төлеуге болады.Кешіктіруге өтініш білдіру үшін 356-99-99, 399-99-00 нөмірлеріне қоңырау шалып немесе «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның ресми сайты арқылы «Кері байланыс» түрінде хабарлама жазу қажет», - деді Ольга Антонова.
Алайда электр энергиясы үшін төлемдер әдеттегідей төленеді. Ғаламторға қосылуға мүмкіндігі жоқ және сайт арқылы байланыса алмайтын тұтынушыларға Байланыс орталығына қоңырау шалу кезінде жеке кабинеттің нөмірін атау үшін алдын-ала түбіртекті дайындап қойған жөн.
Айта кетейік, карантин күндері Алматы қаласын электрмен жабдықтау жұмыстары әдеттегідей жүргізіліп жатыр. Карантиндік режимге байланысты тұтынушыларды қабылдау жұмысы жартылай тоқтатылып, қызметкерлер онлайн режимде жұмыс жасауда.
Электр қуатының тапшылығы жоқ. Осы орайда айта кетейік, Алматының Алатау ауданының 15 көшесіне жарық орнатылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тікелей тапсырмасы аясындағы «Шетсіз қала» бағдарламасына сәйкес Алатау ауданының 15 көшесіне жүргізілген жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Ендігі жерде аудан аумағындағы бұрын жарыны болманан 2024 көшені жарықтандыру жұмысы қолға алынып, жүйелі жұмыс басталып та кетті.
Дәл қазір аудандағы «Мәдениет» шағын ауданында жөндеу жұмыстары қызу басталды. Осы аумақтағы 17 көшеге жүргізілген құрылыс монтаж жұмысы аяқталып, 15 көше жарықтанды. Қалған екі көше наурыздың соңына дейін жарыққа қосылатын болады. Аудан көлемінде осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.
Ал «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-ның коммерциялық директоры Болат Құлатаев қаланы жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп отыру үшін, әрі карантинге байланысты дәл қазір 12 жедел топ, 40 арнайы техника, 126 жұмысшы жұмылдырылып отырғанын айтты.
«Осы арада коммуналдық төлемдерді әдеттегідей еш үстеме пайызсыз төлеуге болатынын айта кеткім келеді. Сонымен қатар, карантин жағдайында қарызы бар тұтынушылардың жылу жүйесінен ажыратылмайтыны да айтылды. Бұған алаңдауға еш негіз жоқ», - деді Б.Құлатаев.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қарым-қатынастарды барынша шектеу үшін «Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша ХҚКО онлайн режимінде жұмыс істейді. Қаладағы төтенше жағдайға байланысты ыстық және суық суға арналған есептегіш құралдарын орнату қызметінің уақытша тоқтатылғанын да ескертті.
Тұтынушылар кеңес алу үшін «АлТС» ЖШС-нің анықтамалық кеңсесіне +7(727) 341-07-77 нөмірі арқылы сағат 8.00-18.00 аралығында хабарласа алады. Сонымен қатар, клиенттердің өтініштерін қабылдау үшін қосымша электрондық пошта мекенжайлары жасалған. Кәсіпорынның жұмысы және қызмет көрсетуі туралы ақпараттарды «АлТС» ЖШС корпоративтік ресурстарынан алуға болады.