$ 498.34  519.72  4.85

Карантин: Алматы барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары қалада азық-түлік қауіпсіздігі бойынша арнайы штаб құрылғанын, әр аудан әкімдігінің деңгейінде жауапты қызметкерлер анықталғанын, әкімдік қаланың барлық нүктелерінде ДДҰ бағасы туралы жедел ақпарат алып отырғанын атап өтті.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қаладағы қажетті заттардың тапшылығы сезілмейді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты. Оның айтуынша, қаланың тұрақтандыру қорына шамамен 18 мың тонна әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары сатып алынған, - деп хабарлайды Sn.kz.

Қаласы әкімінің орынбасарының айтуынша, Алматы бірінші кезектегі қажетті азық-түлік тауарларымен, сондай-ақ бетперде және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Қаланың тұрақтандыру қорынан алынған азық-түлік тауарларының ішінде қант, күнбағыс майы, қарақұмық, көкөніс, тауық еті бар. Аталған барлық өнімдер Magnum және Small сауда желілері арқылы сатылады. Алдағы уақытта тұрақтандыру қорына қосымша қаражат бөлінеді.

«Бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 түрін жеткізіп беретіндер бар. Біз олармен бағасы және жеткізу көлемі туралы осы жылдың маусым айының соңына дейін анықтап алдық. Сондықтан дүрбелең болмауы керек. Соңғы екі күнде сауда желілерінде уақытша дүрбелең орын алды. Бірақ біз тауарларды уақытында жеткіздік. Қаладағы қоймаларда барлық қажетті заттар бар», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары қалада азық-түлік қауіпсіздігі бойынша арнайы штаб құрылғанын, әр аудан әкімдігінің деңгейінде жауапты қызметкерлер анықталғанын, әкімдік қаланың барлық нүктелерінде ДДҰ бағасы туралы жедел ақпарат алып отырғанын атап өтті.

«Бағаның негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады. Барлық мәселе бақылауда. Бүгінгі таңда бізде бағаның көтерілуі бойынша қауіп жоқ. Тауарлардың негізгі бөлігі – отандық өнім», – деп толықтырды сөзін әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ, тілшілер тарапынан дәріханалардағы бетперделер мен залалсыздандыру құралдарының тапшылығы мен баға өсіміне қатысты сұрақтар туындады. Осы орайда қала әкімінің орынбасары осы мәселе бойынша қала әкімдігі отандық залалсыздандыру құралдарын, санитайзерлерді өндірумен айналысатын «Avrora Holding» пен бетперделерді

жеткізетін «Dolce Pharm» компаниясымен келісімге қол қойылғанын жеткізді.

«Бүгін қалаға 60-80 мың бетперделер жеткізілді. Ертең, яғни демалыс күндері 140 мыңға жуық бетперде әкелінбек. Дүйсенбіден бастап біз күн сайын 80 мыңға жуық бетперде жеткізетін боламыз. Сондай-ақ, мемлекет есебінен біздің қызметіміздің қызметкерлері, оның ішінде полицейлер, дәрігерлер, шекара қызметінің қызметкерлері және басқалары бетперделермен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шикізат жеткізу бойынша мәселелер шешілді. Біздің мәліметтер бойынша, бұл қаражат қаланың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, қала билігі қаланың 20-ға жуық ірі дәріханалық желілерінің өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірінші кезектегі қажетті дәрі-дәрмектердің бағасын бақылау және оның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету бойынша уағдаластыққа қол жеткізіпті.

Қала әкімдігінде белгілі болғандай, қоғамдық көлік құралдарын өңдеу күнделікті әрі міндетті шараға жатқызылады. Бұл шара мемлекеттік және жеке автокөліктерге қатысты. Автокөлік парктерінің санитарлық жағдайын тексеру түрде жүргізіледі. Талаптар орындалмаған жағдайда олар жазаға тартылмақ.

Сонымен, айта кетейік, қалада медициналық бетперде тапшылығы жоқ. Өндірушілердің өз қоры бар. Күн сайын қалаға 80 мыңға жуық бетперде бөлінетін болады. «Дольче фарм» кәсіпорны бетперде өндірісі бойынша тағы бір желісін іске қосқан. Сонымен қатар әкімдік қала дәріханаларындағы бетперденің бағасын бекітті: үш қабатты бетперде 87 теңге, көмір сүзгісі бар – 111 теңге тұрады. Алматы қаласының 8 ауданында 48 дәріхана қала әкімдігі бекіткен бағада медициналық бетперде сататын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев журналистерге арналған брифинг өткізген болатын. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген қала әкімінің орынбасары мегаполистің тұрақтандыру қорына шамамен 18 мың тонна әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары сатып алынғанын айтты. Оның ішінде Алматы бірінші кезектегі қажетті азық-түлік тауарларымен, сондай-ақ бетперде және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Атап айтқанда, тұрақтандыру қорынан алынған азық-түлік тауарларының ішінде қант, күнбағыс майы, қарақұмық, көкөніс, тауық еті бар. Аталған барлық өнімдер Magnum және Small сауда желілері арқылы сатылатын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары