Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде қиналып қалған шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар, басқа да шаралар қарастырылады.
Қабылданған шешімдерді әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті бойынша жұмыстар аяқталған соң жариялаймын", - деді Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлеріне қосымша сыйақы берілетіні жайлы хабарлаған болатынбыз.