Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері төрт қаулы қабылдады. Олар залалсыздандыру, ірі сауда орталықтары мен тамақтану нысандарының жұмысына қатысты шектеулер енгізу, Ресей шекарасындағы өткізу-бақылау бекеттерін қатаң бақылау мәселесіне, сосын жолаушылар тасымалына қатысты, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жаңа тәртіпке сәйкес, Ресей Федерациясынан және көрші облыстардан кіріп-шығу енді арнайы блок-бекеттер арқылы жүзеге асады. Бұл үшін жиын саны 10 бекет орнатылмақ.
"Тұрғындарға кешкі сағат 10-нан кейін үйден сыртқа шығуларына тыйым салынады. Аса қажетті жағдайларда, яғни, дәріхана, дүкен және қоқыс шығаруға бұл тәртіптің қатысы жоқ. Қоғамдық орындарда, балалар алаңдары, саябақтар және скверлерде 3-4 адамнан артық жиналуға болмайды", - деді облыстың мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Владимир Нечитайло.