$ 446.49  475.38  4.79

Елімізде тағы бір адам коронавирустан көз жұмды

Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады.

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады.

"Бүгін бір науқас коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", - деді Қисықова.

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.

Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Сонымен қатар, отбасының екі жақын мүшесінде коронавирустық инфекция тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус