$ 448.15  483.46  4.86

«АҚШ, Еуропадағы мамандардың өзі әлі коронавирустың емін тапқан жоқ. Біздің дәрігерлер қалай емдеуде?» - ресми өкіл жауабы (ВИДЕО)

2-2,5 апта мөлшерінде айығып, құлантаза емделіп, үйлеріне қайтып жатыр.
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп журналист Мақсат Толықбайдың: "Әлем бойынша мысалы, АҚШ, Еуропадағы ғалымдар мен мамандардың өзі әлі коронавирусқа қарсы ем тапқан жоқ. Біздің дәрігерлер сонда қалай, немен емдеп жатыр?", - деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Журналистің сауалына Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Instagram-дағы тікелей эфир барысында нақты жауап айтты.

"Жалпы ең алдымен, бізге емді берген Қытай дәрігерлері. Өйткені, бұл індет Қытайдан басталды. Олар толыққанды айығып шықты. Олар күн сайын, әр апта сайын өздерінің істеп отырған жұмыстарын, емдеу бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына беріп отырды. Олар оның бәрін тексере келе, 200-ден астам елге таратты. Яғни, протокол жасады. Сол бір протоколға, алгоритмге сәйкес ем жүреді. Бұл қазір төртінші кезеңдегі алгоритм.

Күн сайын Денсаулық сақтау министрлігі Skype арқылы өздерінің шетелдік әріптестерімен конференция өткізеді. Осы 3-4 күн ішінде біз жапон, қытай, израиль дәрігерлерімен 2,5-3 сағат көлемінде Skype арқылы шығып, барлық сұрақтарды талқылап, өзара келісімшартқа (келіп...) келдік. Жалпы дүниежүзі бойынша емнің бір ғана түрі бар. Ол мына ДДҰ-ның бізге беріп отырған протоколы бойынша емделеді.

Керекті дәрілерін ішеді, уколдарын алады. Яғни, өзіндік инфекционист дәрігерлердің білетін емдері бар. Сол арқылы емделіп отыр. 2-2,5 апта мөлшерінде айығып, құлантаза емделіп, үйлеріне қайтып жатыр. Қазіргі таңда 21 адам жазылды", - деді Диас Ахметшәріп.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары