$ 443.35  475.54  4.82

«Түрлі мәселелердің туындауы заңдылық» – Аймағамбетов

Министрлікте де 1450 деген қысқа нөмірлі байланыс орталығы жұмысын бастады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Әр облыс, қала, аудандарда әдістемелік көмек көрсету бойынша Call-орталықтар жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін "Хабар 24" арнасы арқылы берілген онлайн брифинг кезінде ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Baq.kz. 

"Біздің министрлікте де 1450 деген қысқа нөмірлі байланыс орталығы жұмысын бастады. Еліміздегі 5 миллионға жуық оқушы және студенттермен жұмыс істегенде, әрине, түрлі мәселелердің туындауы заңдылық. Сондықтан, ол сұрақтарға уақытылы жауап беріп, тиісті  әдістемелік көмек көрсету үшін осы Call-орталық жұмысқа кірісті. Бұған дейін елімізде орта білім деңгейі бойынша жалпы қашықтан оқыту форматы болмаған, заңда да бұл мәселе қарастырылмаған. Техникалық дайындық та болмаған, интернет платформалар да дайын емес еді. Сол себепті, ең басты назарды біз қазір осы орта білім беру саласына аударып отырмыз", - деді министр.

Техникалық дайындық, ұстаздардың цифрлық сауаттылығы, интернет желісінің дайындығы – өте үлкен мәселе.

"Проблема аз емес. "Ауруын жасырған өледі" дегендей, осындай кемшіліктерді анықтап, уақытылы шешім қабылдап жұмыс істеу маңызды мәселенің бірі. Қазіргі уақытта біз шұғыл шара қолданудамыз. Әлем бойынша 850 миллионға жуық оқушы бүгінде қашықтан оқыту форматына көшті. Мұндай шараға барлық ел мәжбүр болып отыр. Сондықтан, бұл мәселеге түсіністікпен қарау керек деп ойлаймын. Ұстаздарға да, ата-аналарға да, министрлікке де, барлық білім беру ұйымдарына да бұл үлкен емтихан",- деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары