$ 443.35  475.54  4.82

«Анам ұрсады»: Білім министрі мектепті сағынып жылаған балаға жауап берді (ВИДЕО)

Жалпы, соңғы екі жұма ішінде ата-аналар мұғалімдер жұмысының қаншалықты қиын екенін түсінді деп ойлаймын.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үйде отырғысы келмей, мектепті сағынып жылап, видеоүндеу жасаған Нұрислам есімді балақайға жауап берді, деп хабарлайды Azattyg-ruhy.kz.

«Мен мұғалім ретінде кешегі Нұрисламның үндеуін өте үлкен толқыныспен, жүрегіме жақын қабылдадым. Нұрислам мектепке, мұғалімге деген сағынышын бізге жеткізіп жатыр. Балақайға өте ризамын. Себебі, ұстаздарды соншалық бағалау – бізге өте маңызды. Жалпы, соңғы екі жұма ішінде ата-аналар мұғалімдер жұмысының қаншалықты қиын екенін түсінді деп ойлаймын. Біздің елімізде сағынатындай жақсы мұғалімдер бары қуантады. Әрине, Нұрисламға «6 сәуірден бастап мұғалімдеріңмен, сыныптастарыңмен виртуалды түрде кездесіп тұрасың. Қазір күнде-күнде қолыңды сабынмен жуып, ата-анаңның тілін алып, сабаққа дайындалуың керек» деп айтқым келеді», - деді министр бүгін брифингте. 

Еске салсақ, кішкентай Нұрисламның видеосы кеше әлеуметтік желіде кең тарап кеткен еді.

«Менің мектепке қатты барғым келеді. Үйде оқығым келмейді. Маған анам ұрсады, сабақты түсіндіре алмайды. Сіздерді сағындым, ауырмаңыздар» - деді ол жылап тұрып.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары