Облыс орталықтарының «ХҚКО» РМК 11 филиалында пилоттық жоба аясында көшірме аппараттары орнатылған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттері көшірме-көбейту қызметтерін оңтайлы бағалар бойынша алатын болады.
«Бұрын мұндай қызметті тек ХҚКО аумағында өз аппараттарын орнатқан жеке кәсіпкерлер көрсететін еді, мұнда бағасы 20-30 теңгені құраған, ал кейбір облыстарда бір көшірме 60 теңгеге дейін барған», делінген хабарламада.
― Біз халыққа қызмет көрсету орталықтарында сервистің сапасын үздіксіз арттыруға мүдделіміз. Көшірме-көбейту пункттері қызметінің құнына тек шығыс материалдары мен жұмысты ұйымдастыруға ғана шығындарды қамтиды. Біз клиенттер үшін аз шығындарға қол жеткізуге ұмтыламыз. Осыған байланысты көшірме-көбейту қызметтерінің бағасын 10 теңге деңгейінде бекіттік, ― деді ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Сәрсенов.
Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанның соңына дейін «ХҚКО» РМК көшірме-көбейту қызметтерінің тағыда 48 нүктелерін ашуды жоспарлап отыр. ХҚКО жаңа сервисі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және басқа облыстарда ұйымдастырылды.