$ 494.87  520.65  4.91

Электронды форматта тергеу жүргізілетін істердің санаты кеңейтіледі

Құқық қорғау органдары тарапынан көмекке мұқтаж кез келген адам алдымен 102 телефонына қоңырау шалғаны дұрыс.
Фото: КТК.kz
Фото: КТК.kz

Құқық тәртібі органдары тұрғындар мен қызметкерлерді коронавирустан қорғауға көмектесу үшін денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты қосымша сақтық шараларын қабылдауда. Бұл шаралар Қазақстан тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға, сондай-ақ, біздің қызметкерлердің денсаулығын және олардың қоғамды қорғау қабілетін қолдауға арналған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының ғимараттарына бару

Құқық қорғау органдарының ғимараттарына кіру шектелетін болады. Қылмыс туралы хабарлау үшін немесе басқа да қызметтерді алу үшін кез келген адам арнайы жабдықталған және өңделетін орындарда көмек алады.

Құқық қорғау органдары тарапынан көмекке мұқтаж кез келген адам алдымен 102 телефонына қоңырау шалғаны дұрыс. Қоңырау шалушының сұрайтын көмегінің сипатына байланысты қызметкермен жеке немесе телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндігі болады. 

Шақыруларға қызмет көрсету

Құқық қорғау органдары қызмет көрсету үшін шұғыл шақыруларға ден қоюды жалғастыратын болады. Сонымен қатар, олар мүмкіндігінше әлеуметтік қашықтықты ұстанады.

Егер коронавирустың әсер ету қаупінің қандай да бір белгілері болса, қызметкерлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдай отырып, шақыруға қызмет көрсетеді. Оқиға болған жерді тексеру қажеттілігі болмаған жағдайда, қызметкерлер сіздің үйден, кеңседен және машинадан тыс жерлерде сұрау жүргізеді. Шұғыл емес жағдайларда қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық туралы арызды Құқықтық статистика жөніндегі комитеттің (qamqor.gov.kz) сервистері арқылы электрондық режимде беру ұсынылады. Мұнда оның қаралуын қадағалауға болады.

Істерді тергеп-тексеру

Мүмкіндігінше тергеу әрекеттері кейінге қалдырылатын болады. Электронды форматта тергеу жүргізілетін істердің санаты кеңейтіледі.

Прокуратура органдарына шағымдар

Прокуратура органдары шағымдарды әдеттегі тәртіппен қарауды жалғастырады. Жеке қабылдауларға шектеу қойылады. Шағымдарды электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы беру ұсынылады.

Қылмыстық істерді сотта қарау

Соттар ауыстырылуы немесе кейінге қалдырылуы мүмкін емес істерді қарайды. Мүмкіндігінше қашықтықтан қарау әдістері қолданылатын болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары