"Jas Otan" және Nur Otan партиясының волонтерлары «Біз біргеміз!» акциясын уақытша тоқтатты. Бұл туралы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, волонтерлар 2 аптаның ішінде көмекке мұқтаж 20 мыңнан астам отбасыға көмектескен екен.
"Елбасы тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы аясында соңғы 2 апта көлемінде еліміздің барлық аймақтарында МК "Jas Otan" және Nur Otan партиясының волонтерларымен 20 мыңнан астам мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ, жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сақтану шараларын ұстана отырып, «контактсыз» бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етілді. Осының барлығы волонтерлардың көмегімен іске асырылды!
⠀
Волонтерлар – біздің заманымыздың бүгінгі қаһармандары! Барша волонтерларға жасаған жұмыстары үшін үлкен алғысымды білдіремін! Сіздермен еліміздің жарқын болашағына сенімдіміз! Жағдайдың күрделенуін ескере отырып, «Jas Otan» осы жұмысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Халқымыздың және еріктілердің денсаулығына қауіп төндірмес үшін барлық ұйымдарды, біздің ұйымның үлгісінде шешім қабылдауға шақырамыз! Тағы да баршаңызға осы күндерде бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамыз!", - деді Елнұр Бейсенбаева.