$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үй карантинге жабылды

Коронавирус жұқтырғандар стационарда.

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендеріндегі 15 кіреберіс карантинге жабылды, деп хабарлады елорда әкімдігіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Коронавирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді.

"Тұрғындар үй карантинінде отыр. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды", - делінген хабарламада.

Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша кіреберістер карантиннен алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары