$ 444.32  473.33  4.76

«Карантин мерзімі тағы 1 айға созылуы мүмкін» - Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі (ВИДЕО)

Сондай-ақ салықтан босатылған кәсіп иелерінің карантин тоқтаған жағдайда да олардың белгіленген мерзімге дейін салықтан босатылатыны туралы атап өтті.

Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі, экономист Олжас Құдайберген Қазақ радиосына берген сұхбатында карантиннің белгіленген мерзімнен тағы 1 айға созылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz.

Олжас Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі бойынша әлеуметтік көмекті алатындардың саны көбейгенін, 1.5 миллионнан 3 миллионға дейін артқандығын атады.

«42 500 теңге, әрине, әр адамның барлық керегін қамтамасыз етуге жетпейді. Дегенмен, азық-түлік пен нақты керекті заттарды алуға жеткізуге болады», – деді Олжас Құдайберген.

Сондай-ақ салықтан босатылған кәсіп иелерінің карантин тоқтаған жағдайда да олардың белгіленген мерзімге дейін салықтан босатылатыны туралы атап өтті.

Сонымен қатар, Президент кеңесшісі карантиннің белгіленген 15 сәуірден тағы да бір айға созылуы мүмкін екендігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, Президенттің тапсырмасымен коронавирустың елімізде таралуына байланысты бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланып, 15 сәуірге дейін карантин жарияланған болатын.

“Елдегі қазіргі болып жатқан ахуалға байланысты мұнайдың бағасы 10 долларға көтерілуі мүмкін. Дегенмен, басшылықтың оған антикризистік алдын-ала жоспарлаған әрекеттері дайын. Сондықтан мұнай бағасы елдегі экономикалық құлдырауға әсер ете алмайды”, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин