$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы да артты

Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуірдің 16.50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайдың жаңа деректері белгілі болды. Қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 372, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Алматы облысында - 1 адам. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында - 14 адам, Ақмола облысында - 16 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,

Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 372 науқас тіркелді", - делінген ресми хабарламада.

 Атырауда Covid-19 жұқтырған соңғы үш оқиға тіркелген. Олардың бірі бұрын коронавирус расталған Орал тұрғынымен байланыста болған.

"37 жастағы Атырау қаласының тұрғыны вирус жұқтырған оралдық әйелмен байланыста болғандар тізімінде тұрған.Туған жеріне оралғаннан кейін одан ауру анықталған.

Екінші ауру жұқтырған пациент – 20 жастағы жігіт, 27 наурыз күні әуежайға қонған «Ыстанбұл-Атырау» арнайы рейсінің жолаушысы. Жігіт ЖРВИ айқын белгілерімен инфекциялық стационарға жатқызылды. Карантинде болған кезде коронавирусқа тесті қайта тексерілгенде расталды.

Бұл рейспен сондай-ақ 28 наурызда жастағы әйел де келген. Ол әуежайдан ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жеткізілген, кейін ауру жұқтырғаны анықталды.

Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы облыстық ауруханаға ЖРВИ белгілерімен шағымданған. Одан алынған тест әйелдің коронавирусқа шалдыққанын көрсетті, қазіргі кезде науқаспен байланыста болған адамдардың тізімі құрылуда. Бұдан басқа, Атырау облыстық Денсаулық сақтауң басқармасының шешімімен, облыстық аурухана екі күнге карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жүргізіліп, індет жұқтырған медициналық қызметкерлер мен пациенттер оқшауланған.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адам болды. Барлық пациенттер инфекциялық стационарда жатыр. Олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге жатқызылуда", - делінген Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесінде.

Тағы оқи отырыңыз: «Карантин мерзімі тағы 1 айға созылуы мүмкін» - Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі (ВИДЕО)

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустан 26 адам жазылып шықты, 3 адам қайтыс болды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус