$ 443.35  475.54  4.82

Коронавирусқа байланысты бюджет табысы қысқарады

Қазақстанда коронавируспен күресу үшін Үкімет резервінен үш рет ақша бөлінген.
Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты республикалық бюджет қаншаға қысқаратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Макроэкономикалық болжамның негізінде 2020 жылға республикалық бюджет нақтыланды. Биыл республикалық бюджеттің мөлшері 6 414,1 миллиард теңге, бұл бекітілген сомадан 1 672,3 миллиард теңгеге кем. Қосылған құн салығы, шикі мұнай бойынша бірыңғай сауда алаңы мен табиғи ресурстарды пайдалану бойынша сауда алаңдарындағы бюджет қысқарады", - деді.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда коронавируспен күресу үшін қанша ақша бөлінгені айтылған еді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Үкімет резервінен коронавируспен күресу үшін үш рет ақша бөлінгенін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары