Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы өсетініне дайын болуға шақырды және мемлекет кәсіп ісіне араласпайтынын жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО елдерінде бірыңғай электронды валюта енгізуге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
ҚР Үкіметі индустрияны дамыту, жергілікті қамту және технологиялық даму саласындағы үш ұлттық даму институтының функцияларын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ базасындағы Бірыңғай өнеркәсіптік даму орталығына біріктіреді. «ҚИДИ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Дана Жүнісова жаңа басқарма төрағасы болып сайланды деп жазады премьер-министрдің сайты.