$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда коронавирус жұқтырған 2 адамның жағдайы ауыр

Үй карантинінде 3853 азамат бар.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелген. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті қоса алғанда, 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте айтты.

68 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа ауырлық деңгейінде. Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағадай  бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар,-деді ол. 

Сондай-ақ, ол барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылып, оқшаулауға орналастырылғанын жеткізді. 
Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды,-деді басқарма басшысы. 

Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы   619 адам бар, оның ішінде 81-і бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның 50-і бала екен. Үй карантинінде 3853 азамат бар.

Дереккөз: Baq.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары