$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстандық шенеуніктер қылмыстық топ құрғаны үшін айыпталып жатыр

Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған жерлер де Талғар ауданына кіреді.

Алматы облысының Талғар аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғалары қылмыстық топ құрғаны үшін айыпталып отыр. Бұл туралы cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушілері мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

1-ші департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, әкімдік қызметкерлері санитарлық аймаққа кіретін жер учаскелерін сатып, содан пайда көрді деген күдікке ілінді.

"Олар қылмыстық топ құрып, санитарлық аймаққа кіретін жер учаскелерін жеке меншікке аударғаны үшін айыпталып отыр. Жер учаскелері Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық округының Қызыл Ту ауылынан ары қарай санитарлық және су қорғау аймағына кіреді. Әкімдіктің лауазымды тұлғалары оны ақшаға сатып, пайда көрмек болған деген күдік бар", - деді Бигайдаров. 

Оның айтуынша, Панфилов ауылдық округының бұрынғы әкімдері де күдікке ілініп отыр. Соңғы шешімді сот шығарады.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған жерлер де Талғар ауданына кіреді. Әуежайға жақын жер учаскелері заңсыз таратылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары