ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Facebook парақшасында мемлекеттік қызметтерді көрсететін жалғыз ресми Telegram-бот бар екенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Telegram-да мемлекеттік қызметтер көрсететін жалғыз ресми бот - EgovKzBot2.0 боты екенін ресми түрде хабарлайды.
Ол https://t.me/Kenes1414Bot мекенжайында орналасқан. Қалған өзге боттар фэйк және азаматтарды адастыруы мүмкін", - делінген ақпаратта.