Жаңалықтар 02.04.2020 сағат 15:00

Азаматтарға заңдық кеңес пен құқықтық көмек беретін онлайн жоба іске қосылды

Белгілі адвокат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, адам құқығы жөніндегі сарапшы Айман Омарова «Adal kómek» жобасына жетекшілік етуде.
Азаматтарға заңдық кеңес пен құқықтық көмек беретін онлайн жоба іске қосылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзінің «Adal kómek» жобасы арқылы онлайн форматта заңгерлік көмек жобасын іске қосты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жоба әрбір азаматтың тұрғылықты жеріне қарамастан, әлеуметтік оқшаулауды сақтай отырып, нақты уақыт режимінде жоғары білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.

Жоба Агенттікпен «Волонтер жылы» аясында бастау алды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы волонтерлік қызметтің бір бағыты ретінде волонтер-заңгерлерді тарту арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуді айқындап берді.

Белгілі адвокат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, адам құқығы жөніндегі сарапшы Айман Омарова «Adal kómek» жобасына жетекшілік етуде.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде жобаның филиалдары іске қосылған.

Жобаның кең ауқымда таралып жұмыс істеуі үшін аталған шараға Агенттікпен еліміздегі беделді заңгерлер мен құқықтанушылар, тәжірибелі адвокаттар тартылуда.

Өз кезегінде, бұл қоғамның әлеуметтік осал топтарына тегін кеңес беру үшін сарапшылар қауымдастығының басын біріктірген ашық алаң құруға мүмкіндік берді.

«Adal kómek» жобасы іске қосылған сәттен бастап мыңнан аса азамат құқықтық кеңес алды.

«Adal kómek» – құқықтық ағартушылық пен азаматтық қоғамның кемелдігінің көрсеткіші.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар