02.04.2020, 15:40

Telegram-дағы өзекті және ресми бот анықталды

Фото: root-nation.com
Қалған өзге боттар фэйк және азаматтарды адастыруы мүмкін.

 ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Facebook парақшасында мемлекеттік қызметтерді көрсететін жалғыз ресми Telegram-бот бар екенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Telegram-да мемлекеттік қызметтер көрсететін жалғыз ресми бот - EgovKzBot2.0 боты екенін ресми түрде хабарлайды.

Ол https://t.me/Kenes1414Bot мекенжайында орналасқан. Қалған өзге боттар фэйк және азаматтарды адастыруы мүмкін", - делінген ақпаратта.

Тегтер: telegram