$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да кабель ұрлайтын адам пайда болды

Күдікті ұрланған мүлікті түсті металл қабылдау орнына тапсырмақ болған.

Шығыс Қазақстанда кабель ұрлау қылмысы ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияда Глубокое аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауылдардың бірінде электрмен жарықтандыру бағаналарынан 50 метр кабель ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Келтірілген шығын 121 мыңнан астам теңгені құрады.

«Жедел-іздеу шараларының барысында қылмысқа күдікті танылған 34 жастағы ауыл тұрғыны анықталды. Қаскүнем электрмен жарықтандыру бағаналарынан «СИП» маркалы қуатты кабель мен қалқандық құралды ұрлап әкеткен», - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Күдікті ұрланған мүлікті түсті металл қабылдау орнына тапсырмақ болған.

Алайда тәртіп сақшыларының шұғыл іс-қимылдарының арқасында күдікті азамат анықталып, ұрланған мүлік табылды. ҚР ҚК 88-бабының 1-бөлімімен («Ұрлық») сот алдындағы тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #жарық