Израиль үкіметі халыққа көмек ретінде қазынадан 400 млн доллар қаржы бөлді. Енді әр бала үшін 140 доллардан берілетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алайда, әлеуметтік көмек бір отбасы үшін 600 доллардан аспауы керек. Елдегі егде жастағы тұрғындарға да қаржылай демеу көрсетіледі. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шараларды «мерекелік сыйлық» деп қабылдауды сұрап, «алдағы күндегі болатын барлық діни мерекелерді әр отбасы өз үйлерінде қарсы алуы керек» деген үндеуін жариялады.
Айта кетейік, бүгінде Изрильде 6 мыңнан астам адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. 26 тұрғын осы дерттен көз жұмды. Елде жарияланған карантиннің кесірінен аймақта жұмыссыздық деңгейі 24 процентке артты.
"Қоғамдық орындарда әрбір азамат маскамен жүруге міндетті. Ол болмаса, вирустың таралуын тежеу үшін тым құрғанда беттеріңді орамалмен жауып алыңдар. Алдағы күндері барлық діни мерекелерді әр адам бір шаңырақ астында тұратын өз отбасымен қарсы алсын", - Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху