03.04.2020, 10:20

«Сау адамдарға маска тағудың қажеті жоқ» - ДСҰ

Фото: pixabay.com
Ұйым өкілі масканың вирустан қорғанудың кепілі емес екенін айтады.

Сау адамдарға маска тағудың қажеті жоқ. Бұл туралы РИА Новости басылымына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Сау адамдарға маска тағудың қажеті жоқ. Аурудың белгілері бар адамдарға ғана басқаларды жұқтырмау үшін тағу қажет. Сондай-ақ, науқастарды қарап жүрген адамдар болуы мүмкін, олар өздері вирус жұқтырмауы үшін үйде маска тағып жүруі қажет", - деді Тарик Язаревич.

Ұйым өкілі масканың вирустан қорғанудың кепілі емес екенін айтады.

"Мұндағы проблема адамдар маска тағып, өздерін қауіпсіз сезінеді. Бұл жалған. Маска тағып, қауіпсіздік сақтап жүрмін деп ойлап, қол жуу сияқты шараларды ұмытып кетеді", - дейді Язаревич.