$ 494.87  520.65  4.91

Астанада жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды

Астанада 3 ақпан күні жоғалып кеткен бойжеткен табылды. Бұл туралы NUR.KZпорталына бойжеткенді іздеуге көмек көрсеткен еріктілердің бірі Жанар Шамратова хабарлады.

"Іздеу шараларын тоқтатуды сұрады, себебі Гүлшат аман-есен табылды. Сіздерге ақпараттық көмек көрсеткендеріңіз үшін рақмет!", - дейді Шамратова.

Біз Гүлшаттың жақындарымен хабарластық, алайда олар бойжеткеннің табылуына орай қуанышты хабардың егжей-тегжейін баяндаудан бас тартты.

Еске салсақ, Астанада 3 ақпан күні 19 жастағы Гүлшат есімді бойжеткен жоғалып кетенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары