$ 441.58  480  4.86

Қайрат Жамалиевтің әйелі күйеуінен қалған дүниені ала алмай жүр

Тоқалға таласып күллі елге аты шыққан кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің әйелі әлі сот табалдырығын тоздырып жүр. Алена Жамалиева түрмеде отырған күйеуіне тиесілі дүние-мүлікке таласып жатыр деп жазады KTK.

Алена Жамалиева, Қайрат Жамалиевтің әйелі:

- Күйеуімнің меншігінде болған 4 компаниядан өз үлесімді талап етіп жүрмін. Және бірнеше автокөлік бар. Біз заңды түрде ерлі-зайыптымыз, кәмелеттік жасқа толмаған төрт баламыз бар. Сондықтан, мемлекет тәркілеген мүліктің маған да қатысы бар.

Алена Жамалиева Астана сотына жарты жылда 7 рет арыз жазыпты. Атышулы кәсіпкердің келіншегінің шағымына қатысты бүгін алғашқы отырыс басталды. Әзірге судья бизнесменнің бір компаниясындағы әйеліне тиесілі үлесті қарастырып жатыр.

Мейрамхана, қонақүй, құрылыс бизнесімен айналысатын Қайрат Жамалиев былтыр 13 жылға сотталған еді. Кәсіпкер жазасын Алматы облысындағы қатаң режимдегі колонияда өтеуде. Және бар мүлкі тәркіленген. Ал дауға себеп болған астаналық бизнесменнің ерке тоқалы. Жас жігітпен көңіл қосқанына ашуланған Жамалиев жандайшаптарымен жабылып Әлібиді өлімші етіп сабап тастаған болатын. 45 жастағы кәсіпкердің екі қолшоқпарының бірі 12, екіншісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары