03.04.2020, 14:40

Қазақстанның 3 қаласында инфекциялық ауруханалар шұғыл түрде тұрғызылады

Фото: tengrinews.kz
Сонымен қатар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ТЖ кезеңінде жеке қорғаныш құралдарын шығаруға бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде қауіпсіздік пен жұмыс істеудің жекелеген алгоритмін әзірлеу тапсырылды.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шұғыл тұрғызылатын инфекциялық аурухана салынады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.