Желіде қызмет орнын тастап, жоғалып кеткен әскери адам туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
5511 әскери бөлімі ер адамға іздеу жарияланғанын растады.
"3 сәуірде 5511 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының әскери ату алаңының маманы (операторы) қатардағы жауынгер Жолдыбай Жанболат Асылханұлы әскери атыс алаңында болып, тұрғаннан кейін әжетханаға шығып, белгісіз бағытта қашып кетті. Осы уақытқа дейін қызмет орнына қайтқан жоқ", - делінген Instagram-да тараған хабарламада.
Әскери бөлім өкілдері түсінік беруден бас тартты, бірақ қызметкерге іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты растады.
Қағазда ер адамның бойы 162 сантиметр, денелі, шашы қара, қысқа екені жазылған. Ұлттық ұлан формасын киген.