ҚР президентінің кеңесшісі Бағдат Мусин facebook парақшасында 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алудың жылдам жолдары туралы хабарлады.
"Егер сіз ЖШС (ТОО) жетекшісі болсаңыз, қызметкерлеріңіздің тізімі бойынша өтінім білдіргіңіз келсе, сізге egov.kz керек;
Егер сіз ЖШС мен АҚ қызметкері немесе заңды тұлға болсаңыз, өтінімді өзіңізге тапсыру үшін сізге 42500.enbek.kz сайты керек. Өтінім жасау үшін жұмыс берушінің БИН номерін білуіңіз қажет. Онсыз дым шықпайды.
Егер сіз жеке кәсіпкер (ИП) немесе жеке кәсіпкер жұмысшысы болсаңыз, сізге egov.kz керек, бірақ жуық аралықты мұндай қызмет 42500.enbek.kz-ке де қосылады.
Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтушы болсаңыз (таксист, даяшы, фрилансер, құрылысшы, дәнекерлеуші, саудагер, жүк көтергіш және т.б.) онда сізге ТЕК ҚАНА egov.kz керек. Бірақ ертеңнен бастап 42500.enbek.kz сайты арқылы да өтінім білдіре алуыңыз мүмкін" деген Мусин өтінім қабылдайтын ресурстарға бір мезетте 25 мың адам кіре алатындай етілгенін атап өтті.
Президент кеңесшісі порталға кіре алмағандар кейінірек кіруі керектігін айтып, "барлығы үлгереді, алаңдамаңыздар" деп елді сабырға шақырды.
Дереккөз: Qamshy.kz