$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 551 адамға жетті

Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 30 адам осы індетті жұқтырған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 сәуірдің 09.15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi, Жамбыл облысында - 17 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 2 адам, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

5 сәуір 09.15-тегі ресми дерекке көзжүгіртсек, "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында - 27 адам, Ақмола облысында - 20 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 30 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 25 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 551 науқас тіркелген".

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус жұқтырған 36 адам жазылып шыққан, ал 5 адам қайтыс болды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус