$ 447.4  477.55  4.76

Нұр-Сұлтанда республикалық қарқынды терапия орталығы құрылды

Короновирустық жұқпасы бар науқастарды астанаға уақытылы тасымалдауды және Қазақстан бойынша короновирус жұқтырғандарды тұрақты мониторингілеуді шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығы қамтамасыз етеді.

Нұр-Сұлтан қаласында республикалық қарқынды терапия орталығы құрылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, мекеме көпсалалы медициналық орталық базасында коронавирустық инфекциясы бар ауыр науқастар үшін құрылған. Мұнда жоғары білікті реаниматолог дәрігерлер, ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың кардиохирургтары жұмыс істейді. Олар, сондай-ақ, ауыр науқастармен жұмыс жүргізу бойынша өңірлердегі дәрігерлерге кеңес береді. 

"Коронавируста тыныс алу жетіспеушілігі дамуының жоғары тәуекелдері байқалатынын ескере отырып, экстракорпоралдық мембраналық оксигенацияның жұмыс істеуі бойынша шаралар қабылданды. ЭКМО - бұл ауыр тыныс алу жетіспеушілігінің дамуы кезінде қанды оттегімен қанықтырудың инвазивті экстракорпоралдық әдісі", - деді денсаулық сақтау министрлігінде.

Бүгінгі күні еліміздің 12 өңірінде экстракорпоралды мембраналық оксигенацияның 38 аппараты бар. Жақын арада өңірлік қарқынды терапия орталықтарын Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматыда құру жоспарланған.

Короновирустық жұқпасы бар науқастарды астанаға уақытылы тасымалдауды және Қазақстан бойынша короновирус жұқтырғандарды тұрақты мониторингілеуді шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығы қамтамасыз етеді.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық короновирустың таралуын болдырмау және короновирус жұқтырған науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері мен медициналық емес ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары