$ 494.87  520.65  4.91

«Аудан әкімі коронавирус жұқтырды» деп жалған ақпарат таратқан қарағандылық келіншек ұсталды

Күдікті әйелдің бұл әрекеті қылмыстық кодекстің 274-бабының 1-бөлігіне қайшы келеді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысында «аудан әкімі коронавирус жұқтырды» деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды, деп хабарлайды Sputniknews.kz, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

40 жастағы әйел Бұқар жырау ауданы әкімінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы аудиожазбаны WhatsApp желісі арқылы таныстарына жіберген.

"Жалған ақпараттың авторын анықтау полицейлер үшін еш қиындық тудырмады. Тұтқындалған әйел өз кінәсін толық мойындап, тұрғындардан кешірім сұрады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті әйелдің бұл әрекеті қылмыстық кодекстің 274-бабының 1-бөлігіне қайшы келеді. Сондықтан да оның үстінен телекоммуникация желілерін қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, қолданыстағы заң бойынша азаматтардың мұндай қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары