$ 444.22  476.38  4.82

«Қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің жалақысы азаймайды» - вице-министр

Шолпан Каринова қашықтан оқытуда мұғалімдерден есеп беру талап етілмейтінін айтты.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің жалақысы азаймайды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қашықтан білім беру жағдайында мұғалім жұмысты көп істемесе, аз істеп тұрған жоқ. Өйткені, осыған дейін бір сыныптың ішінде оқушылармен жұмысты тиімді ұйымдастырған болса, қашықтан оқыту кезінде әр оқушымен жеке жұмыс істеп отыр. Сәйкесінше, мұғалімнің жұмысы азайған жоқ. Сондықтан сіздердің еңбекақыларыңыз толықтай сақталады», - деді вице-министр. 

Осы орайда, ол мұғалімдер оқу жоспарына байланысты сабақ жүргізетінін, сол бойынша еңбекақы төленетінін атап өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай, Шолпан Каринова қашықтан оқытуда мұғалімдерден есеп беру талап етілмейтінін айтты.

 Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі жүйесінде «маршрут парағы» деген құжат жоқ екені, бұл құжаттың мұғалімдерге еш қатысты еместігі айтылды. Айта кетейік, Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейтіні түсіндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары