$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте коронавирус жұқтырған науқастың жүрегі тоқтап қалған

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған, жасанды желдету аппаратына қосылған.

Шымкент қаласында 5 сәуірде зертханалық расталған COVID-19 жұқтыру жағдайымен өлім-жітім дерегі тіркелді. Науқас 1964 жылғы, Түркістан облысының тұрғыны, автомобильмен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Анамнезден: соңғы апта ішінде Ресейден Мәскеу-Ақтөбе-Қызылорда-Шымкент-Алматы бағыты бойынша 1988 жылғы ұлымен бірге келе жатқан жолда денсаулық жағдайына, дене қызуының жоғарылауына шағымдары пайда болған. 03 сәуір күні Шымкент қаласы Темірлан тас жолы мекен-жайынан денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өзі жедел жәрдем шақырып, сағат 10-00-де жедел медициналық жәрдем көлігімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында консилиум жүргізілген, диагнозы: «Внебольничная левосторонняя полисегментарная пневмония, асқынған Жедел тыныс жетіспеушілігі 2-3 ст. Қант диабеті, 2 типті». 3 сәуірде КВИ – ға зерттелген, оң нәтиже анықталған.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған, жасанды желдету аппаратына қосылған. Қарқынды терапия жүргізілгеніне қарамастан, жүрегі тоқтаған. 2020 жылы 5 сәуірде сағат 03-50 минутта қайтыс болу фактісі тіркелді. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы: КВИ. 2 жақты полисегментарлы пневмония. Ауыр ағымы. Асқынуы: ДН 3ст. Қосымша: қант диабеті 2 типті, декомпенсация сатысы. АГ 2ст. созылмалы панкреатит, холецистит», - делінген ресми хабарламада.

Қарым-қатынастағы болған ұлы қазіргі уақытта ол Алматы қаласына келген, сол жерде стационарлық карантинге оқшауланған.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №30 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган қайтыс болған адамның мәйітін көмуді Шымкент қаласының ТКҚСБД-мен келісім бойынша ұйымдастырылады.

Тіркелген барлық жағдайлар бойынша 327 байланыста болғандар, оның ішінде, 177 «жақын» және 150 «потенциалды».

Атамекен, Мейірім карантиндік стационарларында, №2 қалалық аурухана (екі бөлімше) 274 адам, үй карантинінде 53 адам бар. Карантиндік стационарлардағылардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары