Бүгін республиканың оңтүстігі мен батыс бөлігінде циклон және фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұрқасынмен қатар жел күшейеді, деп болжайды ауа райын Қазгидромет.
Қазақстаның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасынмен қатар жел 18 м/с-ге күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ге күшейеді, бұрқасын болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ге күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.