06.04.2020, 12:20

Мамандар 42500 теңге алудың тағы бір жаңа тәсілін таныстырды

Фото: elements.envato.com
Бот бірнеше минут ішінде жауап береді.

Енді Telegram мессенджерінде 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Telegram-дағы ботқа кіру үшін мына сілтеме бойынша (https://t.me/Help42500Bot өтіп, Start (Бастау) батырмасын басу қажет. Бот бірнеше минут ішінде жауап береді.

Өтініш беру үшін мына мәліметтерді жазу керек:

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар:

"Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар" батырмасы;

ЖСН;

Электронды пошта;

Телефон нөмірі;

Банк шотының нөмірі (IBAN);

Өтінішті растау;

Сосын сізге өтініш қабылданғаны туралы хабарлама келеді;

Өтініштің тіркеу нөмірі;

Өтініштің қаралып жатқаны туралы хабарлама.

Қызметкер өтініш беретін болса:

"Қызметкер" батырмасы;

ЖСН;

Сіз жұмыс істейтін ұйымның Бизнес идентификациялық нөмірі (БИН);

Электронды пошта;

Телефон нөмірі;

Банк шотының нөмірі (IBAN);

Өтінішті растау;

Сосын сізге өтініш қабылданғаны туралы хабарлама келеді;

Өтініштің тіркеу нөмірі;

Өтініштің қаралып жатқаны туралы хабарлама.